Астанада жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті
Жарияланды

Астанада Zeekr көлігі мен Yutong автобусы соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Kursiv Media.
Жол апаты 29 қыркүйекте Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында болған.
Полиция мәліметінше, Zeekr жүргізушісі бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанған кезде солға бұрылған. Бірақ қарсы бағытта келе жатқан Yutong автобусына жол бермей, салдарынан екі көлік соқтығысқан.
Zeekr жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Zeekr коммуналдық тұраққа қойылды. Қазір полиция жол апатына байланысты тексеру жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Рудныйда мас жүргізуші бағанаға соғылып, 20 тәулікке қамалды