Интернетке тарап кеткен жеке деректерді ауыстыруға бола ма – ІІМ жауабы

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media

Қазақстанда азаматтың жеке деректері интернетке тарап кеткен жағдайда оларды өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл туралы Құрылтайдағы брифингте ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Журналистер маманнан жеке деректердің интернетке тарағаны расталса, оларды, соның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), ауыстыру тетігі қарастырылған ба деп сұрады.

Жандос Сүйінбайдың айтуынша, мұндай жағдайда азамат уәкілетті органға жүгініп, өз деректерін өзгерте алады.

«Әр азамат осындай шабуылдардың салдарынан зардап шегіп, оның деректері жарияланған болса, уәкілетті органға жүгініп, деректерін өзгертуге құқылы. Бұл ЖСН-ге және басқа да дербес деректерге қатысты», – деді ол.

Тағы да оқыңыз: «Додо Пиццадан» азаматтардың жеке деректері таралды ма – Санжар Әділов жауап берді

Сондай-ақ оқыңыз