Қазан айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады
Жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері қазан айының алғашқы үш күніне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болып, жел күшейеді.
Ауа температурасы түнде -1…-6°С, күндіз +3…+8°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының негізгі фоны +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады.
Бұған дейін Kursiv.Media қазан айында елде қандай ауа райы болатынын жазған еді.