«ҚазМұнайГаз» өзіне тиесілі компания акцияларын қайта сатып алып жатыр

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Қазмұнайгаз
Қашаған кен орнына қатысты ірі мәміле жасалды / Фото: ҚМГ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы AIX қор биржасында Қашаған кен орнына тікелей қатысы бар ірі қаржы мәмілесі туралы ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Mediа.

Бұл KMG Kashagan B.V. компаниясының 100 пайыз акциясын толық сатып алу туралы болып отыр. Мәміледегі сатушы – ұлттық компанияның өзге еншілес құрылымы, Cooperative KazMunaiGaz U.A. мекемесі.

Жарияланған ресми құжатқа сәйкес, бұл келісім «ҚазМұнайГаздың» жалпы активтерінің 14,8 пайызын құрайды. Ал ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, ұлттық компанияның жиынтық активтері 19 трлн теңгені құрағанын ескерсек, келісімінің жалпы құны шамамен 2,8 трлн теңге болуы мүмкін.

«ҚазМұнайГаз»- елдің ірі мұнай активтерін басқаратын ұлттық компания. Оның биыл алты айдағы таза пайдасы 904 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ оқыңыз