Таразда қайтарылған активтер есебінен 5 мың тұрғын ауызсумен қамтамасыз етілді

Таразда қайтарылған активтер қаражаты есебінен «Қайнар», «Мичуринец», «Ақжол» және «Родничок» тұрғын үй алаптарына орталықтандырылған су құбыры тартылды. Су желісін жүргізуге 700 миллионнан астам теңге жұмсалды, деп жазады Kursiv.media.
Нәтижесінде 5 мың қала тұрғыны таза ауызсумен қамтамасыз етілді. Бұған дейін тұрғындар 10 жыл бойы бұлақ суын ішіп келген.
Бұдан бөлек, өңірде арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 24,5 млрд теңгеге 31 нысан салынды. Оның 18-і пайдалануға берілді, қалғандарының құрылысы жалғасып жатыр.
Мәселен, Талас ауданында орналасқан Ақкөл ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Кұны 285,2 миллион теңгені құрайтын бұл жаңа амбулатория замауи талаптарға сәйкес жабтықталған және бір ауысымда 45 адамға дейін қабылдау арналған.
Жалпы Қазақстанға 1,1 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылған. Үкімет атап өткендей, Арнайы мемлекеттік қор арқылы бұл қаржы өңірлерді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған жобаларға жұмсалып жатыр.