Жетісуда Қызыл кітапқа енген балықты тасымалдағандар ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Polisia.kz

Жетісуда заңсыз ауланған 127 келі балықтың арасынан Қызыл кітапта енген бекіре табылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.      

Полиция ақпаратына қарағанда, Үштөбе – Көпбірлік автожолында бірлескен рейдтік іс-шара барысында тіркемесі бар Audi-100 автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылған.

«Көлікте Үштөбе қаласының 24, 25 және 41 жастағы үш тұрғыны болған. Тексеру кезінде автокөлік пен тіркемеден жалпы салмағы 127,1 келі балық табылып, тәркіленді», – делінген ақпаратта.

Олардың арасында сазан, жайын, ақмарқа, мөңке және мемлекет ерекше қорғауға алған бекіре тұқымдас балық та бар.

Мұның алдында Ақтауда 200 келіден астам бекіре балығын заңсыз тасымалдағандар ұсталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз