Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан алып тастауды сұраймыз – адвокат

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
SMM бөлімінің жетекшісі
фото: Серикжан Ковланбаев

Әділет Зейнел қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуан ісінде жәбірленушілер қатарынан шығып қалуы мүмкін. Мұны Мырзуан отбасының заңгері Нұрсұлтан Орынбеков айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сөзінше, келешекте Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан алып тастау туралы өтінішхат жолдайды.

«Зейнел жәбірленуші болудан әлі бас тартқан жоқ. Сотта әлі өтінішхат жолдаймыз», – дейді Нұрсұлтан Орынбеков.

Еске салсақ, Әділет Зейнел әйелінің қазасынан 8 ай өткен соң екінші рет отбасы құрып, қоғамның сынына ұшыраған болатын. Содан кейін оған Астана әкімдігі 20 млн теңге берген. Ол соттағы жауабында өтемақы ретінде берілген 20 млн теңгені қайда жұмсағанын айтты. Сөзінше, үш күн ішінде Ұлдана Мырзуанның атындағы автокөлік несиесін төлеген. Ұлдананың анасына 4,5 млн теңге берген. Қалған қаражатты құрбан шалуға жұмсаған. 

Сот басталған кезде Әділет Зейнел жәбірленуші статустынан бас тартатынын айтты, алайда кейіннен бұл ойынан айнып қалды.

Ұлдана Мырзуан қазасы

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот 18 тамызда басталды. Сәуле Жұбаниязова қылмыстық кодекстің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша айыпталып отыр.

2026 жылдың 1 қазанында судья Меруерт Абаева сот процесін тоқтатып, қылмыстық істі тұрғын үйді салған құрылыс компаниясы мен үйді қабылдап алған мамандарға қатысты іске қосу үшін прокуратураға жолдады. 

Сондай-ақ оқыңыз