Чемпиондық атағын қорғай алмады: Нұржан Батырбеков Азия ойындарында күміс алды

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырбеков финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші белдесуде БАӘ спортшысына есе жіберді. Осылайша, отандасымыз Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Нұржан Батырбеков 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының чемпионы. Сол кезде 69 келінің финалында БАӘ спортшысы Мұхаммед Әл-Суваидиді 4:2 есебімен ұтып, ел қоржынына алтын салған.
Осылайша, Батырбеков қатарынан екінші Азия ойындарында тұғырдан көрінді: Ханчжоуда топ жарса, бұл жолы Аичи–Нагояда күмісті еншіледі.
Бұған дейін, қазақстандық екі дзюдошы Азия ойындарының финалына шыққан еді.