Доллар ұсынысы көп болған: қыркүйек айында теңге 4,6 пайызға нығайды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Теңге неге нығайды / Фото: shutterstock

Қыркүйек айында доллар құны 440 теңгеге дейін арзандап, ұлттық валюта 4,6 пайызға нығайды, деп хабалайды деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, Қазақстан қор биржасындағы валюта саудасы 10,4 млрд АҚШ долларына жеткен.

Қыркүйекте бас банк биржаға Ұлттық қордан 200 млн доллар валюта сатқан. Одан бөлек, қордан 200-300 млн АҚШ доллары көлемінде «операцияларды теңестіруді» жоспарлағанымен, валюта нарығында ұсыныс көп болуына байланысты бұл операция кейінге қалдырылған.

«Оларды кейін іске асыру барысы нарықтағы ахуалға қарай шешіледі. Бұл ретте бағамның динамикасы іргелі факторларға сай қалыптасып, теңгенің күрт әрі алыпсатарлықпен келетін ауытқуына жол берілмейді», -делінген хабарламада.

Алтын сатып алу ісін теңестіру операциялары аясында шамамен 374 млрд теңге айналымнан алынды. Ал IV тоқсанда бас банк осы операция аясында 907 млрд теңгедей балама сомаға шетел валютасын сатпақ.

Ұлттық Банк зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін БЖЗҚ қаржысына 986 млн АҚШ доллары көлемінде шетел валютасын сатып алған.

«Алдағы шешімдерді қабылдау кезінде де зейнетақы активтерін инвестициялық басқару аясында нарықтағы ахуал ескеріледі», – делінген хабарламада.

Алайда теңгенің нығаюы, мұнай өндіру жоспарының төмендеуі Қазақстан бюджетінің кірісіне әсер етіп отыр. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз