Пойыз билеттері жыл соңына дейін жеңілдікпен сатылады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы төмендеді
Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы төмендеді / Фото: shutterstock

Елде 2026 жылғы 1 қазанынан бастап пойыз билеттеріне 10 пайыздық жеңілдік енгізіледі. Жеңілдік 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады, деп хабарлайды Kursiv.Media «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ, қала маңындағы пойыздарға қолданылады.

Осылайша, жолаушылар күзгі-қысқы кезеңде сапарға шығу үшін билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.

Бұған дейін FlyArystan ішкі рейстерге 15% жеңілдік жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз