LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Серикжан Ковланбаев, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қазақстанда LRT нысандарында жұмыс істейтін көлік полициясының жеке басқармасы құрылады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің құрамында LRT нысандарындағы көлік полициясы басқармасы атты жаңа мекеме пайда болады. Жаңа басқарма республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар жаңа басқарма Ішкі істер министрлігіне қарайтын аумақтық органдар мен бөлімшелердің тізіміне енгізіледі.

Қаулыда басқармада қанша қызметкер жұмыс істейтіні және нақты қандай нысандар оның жауапкершілігіне кіретіні әзірге көрсетілмеген. Құжаттың бір тармағы қызметтік пайдалануға арналған.

Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, қазір ІІМ құрылымында теміржол станциялары мен басқа да көлік нысандарында жұмыс істейтін желілік полиция басқармалары мен бөлімдері бар.

Оқи отырыңыз: LRT-ның ең көп жолаушы мінетін үш стансасы анықталды

Сондай-ақ оқыңыз