Отбасылық құпия: Ерболат Жанабыловтың соты жабық режимде өтетін болды 

Жарияланды 1 Қазан 2026 16:48

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Фото: kursiv. Media

Астана қаласының мамандандарылыған ауданаралық әкімшілік сотында блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Блогерге ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттерге қатысты. Блогердің жары Эльмира Төлегенова сот отырысына онлайн қатысты. 

Сот отырысында Ерболат Жанабылов БАҚ-тың қатысуын қаламайтынын айтып, сотты  жабық  форматта өтуін сұрады. 

«Бұл менің отбасылық құпиям. Сырт көздің, БАҚ-тың қатысуын қаламаймын. Сондықтан сот отырысының жабық өткенін қалаймын», – деді Жанабылов.

Эльмира Төлегенова да шешімді қолдады. Судья Әсия Сүлейменова оның ұсынысын басшылыққа алып, БАҚ өкілдері залдан шығарылды. 

Іс бойынша бұған дейін полицияға шақырту түскен. Полиция мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасында жанжал болып, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жағдайды тіркеген. Эльмира Төлегенова шара қолданбау туралы арыз берген.

Еске салайық, Эльмира Төлегенова әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Ерболат екеуінің ажырасу процесінде екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз