Жеңілдетілген бизнестің табысы 18,9%-ға өсті

Қазақстанда жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режімін қолданатын кәсіпкерлердің табысы биылғы жылдың бірінші жарты жылында 9,4 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, осы режімдегі бизнестің жалдамалы қызметкерлер саны да артқан.
Жұмыспен қамтылғандар саны 445 мыңнан 509 мың адамға дейін өсіп, 14,2%-ды құрады. Ал еңбекақы қоры 7,2%-ға ұлғайды.
Сонымен қатар жалдамалы қызметкерлері жоқ бизнес субъектілерінің саны 30,5%-ға азайған. Табысын нөлден 5 млн теңгеге дейін көрсеткен кәсіпкерлердің үлесі де үштен бірге төмендеген.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режімін белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.
Салық мөлшерлемесі 4%, ал салықтық және есепті кезең жарты жыл.
Қаржы министрлігі бұл көрсеткіштер арнайы салық режіміндегі алғашқы оң нәтижелерді көрсететінін атап өтті.
Оның ұзақ мерзімді әсері кейінгі есепті кезеңдердің қорытындысы бойынша бағаланады.