Ақтауда қызметтік көлікпен бала қағып кеткен бұрынғы полицей сотталды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
полиция
Ақтауда қызметтік көлікпен бала қағып кеткен бұрынғы полицей сотталды / Фото: ІІМ

Көктемде Ақтауда қызметтік көлікпен бүлдіршіннің өліміне кінәлі бұрынғы полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

LADA басылымының ақпаратына сүйенсек, оқиға 13 мамырда 27-шағынауданда болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, жол апатынан бір жарым жастағы бала қаза тапқан.

Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша, яғни көлік құралдарын пайдалану немесе жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адамның өліміне әкеп соққан әрекет үшін кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Моральдық-материалдық зиянды өтеу мәселесі соттан тыс тәртіппен шешілген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтауда жалған жүктілік анықтамасын ұсынған әйел 15 тәулікке қамалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз