Бокстан алғашқы алтын: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сабырхан Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездесті.

Қазақстандық боксшы жекпе-жекті сенімді бастады. Бірінші раундтың қорытындысында төрешілердің барлығы басымдықты Төреханға берді – 5:0. Екінші раундта да Сабырхан қарсыласынан басым түсіп, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен алда болды.

Үш раундтың қорытындысында Төрехан Сабырхан жеңіске жетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл Қазақстан құрамасының Аичи–Нагоядағы 10-алтын медалі. 1 қазандағы жарыстардан кейін ұлттық құрамада 9 алтын болған.

Айта кетейік, 2 қазанда Қазақстан бокстан тағы бір алтынға таласады. Аса ауыр салмақта Айбек Оралбай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз