Елде күн 6 градусқа дейін суытады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3, 4 және 5 қазанға ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, Қазақстан аумағына Солтүстік циклон келіп ауа райы күрт суытады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр және қар аралас жауын-шашын жауады. Апта соңына қарай еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта қар жауып, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Тек оңтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр жауады.
Еліміздің батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп болжанып отыр.
Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -1-ден -6°С-қа дейін төмендейді.
Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы 0,+5°С, шығыста +7+12°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +10+15°С-қа дейін, таулы аудандарда 0,+5°С-қа дейін төмендейді.