Каспий теңізіндегі су 48 жылдағы ең төменгі деңгейге жетті

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Каспий теңізінің деңгейі төмендеп барады / коллаж kursiv.media

Каспий теңізіндегі су деңгейі жылдан жылға төмендеп барады. Мамандар бұған климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну себеп болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әзербайжандық Xəzər TV телеарнасының хабарлауынша, Каспий теңізіндегі су деңгейі соңғы 48 жылдағы ең төмен деңгейге түскен.

География институтының Каспий теңізі географиясы зертханасының меңгерушісі Сеид Сафаровтың айтуынша, соңғы 30 жылда Каспий деңгейі 2,5 метрге төмендеп, жағалаудағы аймақтарда су 1,5 метрге тартылған.

Сарапшылар климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну басты себеп болып отырғанын айтады.

Мамандардың бағалауынша, су деңгейінің төмендеуі экологиялық, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар бұл жағдай жағалаудағы аумақтарға, кеме қатынасына, мұнай-газ өнеркәсібіне және биоалуантүрлілікке үлкен соққы болуы ықтимал.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар енді Әзербайжанға паром арқылы қатынайды

Сондай-ақ оқыңыз