Қазақстан футболдан Ұлттар лигасында Молдовадан жеңілді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Қазақстан футболдан Ұлттар лигасында Молдовадан жеңілді / Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші турында Молдоваға 1:2 есебімен жол берді, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

«Астана Аренада» өткен кездесуде алғашқы голды Молдова құрамасының ойыншысы Ники Клещенко соқты. Ол бірінші таймның қосымша уақытында алыстан дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.

Екінші тайм басталғаннан кейін қонақтар тағы гол салып алға шықты. Петр Попеску бұрыштамадан кейін баспен гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Қазақстан құрамасы шабуылын күшейтіп, 64-минутта есепті қысқартты. Айып добынан кейін Бауыржан Исламханның берген добын Нұралы Әліп қақпаға бағыттап, есеп 1:2 болды.

Қалған уақытта қазақстандықтар бірнеше қауіпті шабуыл жасағанымен, есепті теңестіре алмады.

Осылайша Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы үш матчтан кейін бір ұпай жинап отыр. Команда бұған дейін Фарер аралдарымен 1:1 ойнап, Словакиядан 1:2 есебімен жеңілген.

Қазақстан келесі кездесуін 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, жарақатына байланысты Дастан Сәтбаев та ұлттық құрамаға шақыру алмаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз