Қырғызстан алғашқы жер серігін ғарышқа ұшырды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
коллаж: unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

1 қазанда Қырғызстанның алғашқы ұлттық жер серігі ұшырылды, деп хабарлайды Kursiv.media.   

Kaktus.media ақпаратына қарағанда, ғарыш кемесі АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Ванденберг» ғарыш күштері базасынан ұшырылған.

Жер серігі ғарышқа SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы арқылы шығарылған.

Жер серігін ұшыру рәсіміне Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ерлист Акунбеков және Қырғызстанның АҚШ-тағы елшісі Эдиль Байсалов қатысты.

Жер серігі не үшін керек

Спутниктік технологиялар Қырғызстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Алынған деректер ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарды, су нысандары мен мұздықтарды, ормандар мен табиғи экожүйелерді, жер ресурстары мен қоршаған ортаны бақылау үшін пайдаланылатын болады.

«Сонымен қатар спутниктік деректер құрғақшылық, су тасқыны, көшкін, сел және орман өрттері сияқты табиғи қауіптерді анықтауға, сондай-ақ жер қойнауын заңсыз игеруді және қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру орындарын бақылауға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Алдағы уақытта деректер мемлекеттік цифрлық жүйелермен интеграцияланбақ. Бұл басқарушылық шешімдерді дәл әрі тиімді қабылдау үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Айта кететін жайт, мамыр айында Қырғызстан Starlink спутниктік интернетке қосылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз