«Семей орманы» басшылығы ағаштарды заңсыз кесуге рұқсат бермек болған

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Семей орманы» мекемесіндегі заңсыз әрекеттің алдын алды. Ресми дерек бойынша, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды адамдары заңсыз әрекетке бармақ болған. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырған. Олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне кедергісіз кіруге мүмкіндік берген.

«Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлел табылды», – делінген ақпаратта.

Қылмыстық кодекстің «пара алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, 2023 жылдың 8 маусымы «Семей орманы» табиғи қорығында өрт шығып, 15 адам қаза тапты. Содан кейін премьер-министр Олжас Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды. 2026 жылы арнайы техника сатып алуға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 

Сондай-ақ оқыңыз