СІМ соғыс аймағында жүрген қазақстандықтардың туыстарына үндеу жасады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
СІМ соғыс аймағында жүрген қазақстандықтардың туыстарына үндеу жасады / Фото: Kursiv.Media

СІМ соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарда болуы мүмкін қазақстандықтардың жақындарынан олар туралы мәлімет беруді сұрады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

СІМ ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, министрлікке кейбір отбасылар отандастарын елге қайтаруға көмек көрсету туралы өтініш берген.

«Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – министрлік жұмысының негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан азаматтар туралы толық әрі нақты ақпаратты олардың өздерінен немесе жақындарынан алу маңызды», – деді Жанболат Үсенов.

Оның айтуынша, туыстардың өтініштерін қабылдау үшін СІМ-де арнайы жедел желі жұмыс істейді. Азамат туралы ақпарат берген кезде оның аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері және жасалған еңбек келісімшарттарының шарттары көрсетілуі қажет.

Жедел желі нөмірлері:

  • ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті: +7 (717-27) 2-05-00, Dks_ast@mfa.kz
  • Қазақстанның Ресейдегі елшілігі: +7 925 897-71-14, consul.moscow@mfa.kz
  • Астраханьдағы ҚР Бас консулдығы: +7 906 177-70-88
  • Қазандағы ҚР Бас консулдығы: +7 905 020-30-42, +7 (84-32) 02-05-92
  • Омбыдағы ҚР Бас консулдығы: +7 968 100-73-06
  • Екатеринбургтегі ҚР Бас консулдығы: +7 939 919-76-33
  • Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консулдығы: +7 981 916-25-12, +7 921 188-90-60

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару бойынша Ресей тарапымен консультация жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыстан бір-ақ шыққан қазақстандықтарға байланысты Ресейге нота жолдаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз