Каспий теңізіндегі оқу-жаттығудан аман қалған сарбаз әскери қызметін аяқтады

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: Азамат Сәрсенбаевтың әлеуметтік желісінен алынды

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезіндегі апаттан аман қалған сарбаз –  Ақжол Темірәлиев мерзімді әскери қыметін аяқтады. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде хабарлады.

Ақжол Темірәлиев әскери қызметін Қорғаныс министрлігінің Әуе-теңіз күштері құрылымында атқанған. Ол – 24 қыркүйекте 14 сарбаздың өмірін жалмаған оқу-жаттығудан аман қалған санаулы әскеридің бірі.

«Әдетте сарбаздар үшін мұндай ерекше күндер қуанышқа, естелік суреттер мен мәңгілік әскери достыққа толы абыр-сабыр атмосферамен өтуші еді. Бірақ бұл жолы олай болмады…

Ақжол – Маңғыстау облысынан әскерге шақырылып, аман қалған жалғыз сарбаз. Ол – қайтпас сапарға кеткен қаруластарының жарқын естелігі мен ауыр жүгін жалғыз арқалап жүрген жан. Таяу уақытта ол ата-анасымен бірге қаза тапқан барлық қаруластарының отбасыларына барып, көңіл айтуды жоспарлап отыр», – деп жазады блогер.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Алғашқы мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапқан. Кейін іздеу жұмыстары барысында тағы екі сарбаздың денесі табылып, қайтыс болғандар саны 14-ке жетті. Үш әскери қызметші аман қалды. 

Ақжолдың әкесі Тимур Қыдырниязов оқиға туралы жұмыста отырған кезде естіген. 

Оқиғадан кейін Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») негізінде қылмыстық іс қозғалды.

25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Осыдан кейін Бектеновтың өкімімен Маңғыстауда арнайы комиссия құрылды, оның премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

27 қыркүйекте Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды. 

Сондай-ақ оқыңыз