Мерей Қабдуллаев джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Жарияланды
(жаңартылды )

Мерей Кабдуллаев джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Джиу-джитсу шебері 85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен.
Ол жартылай финалда Қырғызстан өкілі Абдурахман Муртазалиевті жеңіп, финалдағы қарсыласы Сауд Арабия өкілі Абдулла Тарик Нададан 0:7 есебімен ұтылып қалды.
2 қазан күні Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екі алтынды боксшылар салған еді. 70 келіде Төрехан Сабырхан, ал 90 келіде Айбек Оралбай чемпион атанды.
Сонымен қатар Қазақстан балуандары Азия ойындарында төрт медаль жеңіп алған.