Қазақстанның су добы шеберлері Азия ойындарында күміс жүлде иеленді

Жарияланды (жаңартылды )
Business news бөлімінің редакторы
Су добы құрамасы Жапониядан жеңілді / Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Шешуші кезеңге дейін сүрінбей жеткен отандық спортшылар финалда алаң иелері – Жапония құрамасымен күш сынасты.

Төрт кезеңге созылған тартысты бәсеке 24:7 есебімен жапон спортшыларының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азиаданың күміс медалін қанжығасына байлады.

Бұған дейін Мерей Қабдуллаев джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.

Сондай-ақ оқыңыз