Астанада тоғыз қабатты үй өртеніп жатыр

Астана қаласы Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Kursiv.media.
ТЖМ ақпаратына қарағанда, елордалық ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіріп жатыр. Алғашқы бөлімшелер келген кезде бірінші қабаттағы пәтердің ішінде ашық жалын байқалып, қою түтін болған.
«Өрт сөндіру оқпандары дереу беріліп, өртті толықтай сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Үй тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген ақпаратта.
Соңғы дерек бойынша, өрт оқшауланған. Тұрғындарды эвакуациялау үшін автосаты мен үш буынды саты жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда.
Айта кететін жайт, Семей қаласындағы Глинки көшесінде ағаш кесу цехының аумағында 400 шаршы метр алаңда ағаш материалдары өртенді,