Қонаев қаласында бес қабатты үй өртеніп, 120 адам эвакуацияланды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Shutterstock

Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп, құтқарушылар 120 адам эвакуациялады, деп хабарлайды Kursiv.media.       

112.kz ақпаратына қарағанда, Алматы облысының «112» пультіне Қонаевта бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жіберілді. Алғашқы бөлімшелер келген кезде бес қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды», – делінген хабарламада.

Өңірлік ТЖД ақпаратына қарағанда, өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан 120 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялаған.

Қазіргі кезде өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Мұның алдында Астанада тоғыз қабатты үйден өрт шыққан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз