Семейде ағаш кесу цехында алапат өрт шықты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
пожар
Фото: Shuttersctock

Семей қаласындағы Глинки көшесінде ағаш кесу цехының аумағында 400 шаршы метр алаңда ағаш материалдары өртенді,  деп хабарлайды Kursiv.media.    

112 kz ақпаратына қарағанда, сондай-ақ ірі көлемде күнбағыс тұқымының қабығы да жалынға оранған.

Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылған.

«Өртті сөндіруге алты өрт сөндіру оқпаны берілді. Суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін үш автоцистерна және бір су тасығыш көлік жұмылдырылды», – делінген ТЖМ ақпаратында.

Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдарының 14 бірлігі және 47 қызметкері тартылған. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кететін жайт, Семейде Сосновая көшесіндегі көлік жуу орнында ірі өрт шыққан еді. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті,

Сондай-ақ оқыңыз