Алматыда LRT құрылысы жүріп жатқан көшелердің жолы шөгіп қалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: Алматы әкімдігі / коллаж: kursiv.media

Алматыда LRT құрылысы аясында инженерлік желілер қайта жүргізілген Момышұлы және Төле би көшелерінің кейбір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, жауын-шашынның мол түсуіне байланысты инженерлік желілер жүргізілген кейбір аумақта топырақ шөгіп, көлік қозғалысы қиындаған.

Мердігер ұйым жолды қалпына келтіріп жатыр. Мамандар жол негізін нығыздап, көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін уақытша фрезерленген асфальтбетон төсеп жатыр.

«Ауа райы қолайлы болған кезде асфальтбетон жабыны технологиялық талаптарға сәйкес толық қалпына келтіріледі», – делінген басқарма хабарламасында.

Еске салайық, Момышұлы және Төле би көшелерінде Алматыдағы LRT желісінің құрылысына байланысты инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда LRT «Барлық» базарына дейін ұзартылады

Сондай-ақ оқыңыз