Алматыда қызғаныштан басталған жанжал жаппай төбелеске ұласты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда қызғаныштан басталған жанжал жаппай төбелеске ұласты / Фото: unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматыдағы көңіл көтеру орындарының бірінде екі әйелдің арасындағы қызғаныштан туған жанжал жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төбелес Түрксіб ауданындағы көңіл көтеру орнында болған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Әйелдер сөзге келіп, кейіннен төбелес басталған.Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжалды тоқтатып, барлық қатысушыны аудандық полиция басқармасына жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысқандардың барлығы алкогольдік ішімдік ішкен», – деп хабарлады полиция.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ әр қатысушының рөлі мен кінә дәрежесін анықтап жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында екі баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз