Алматыда жалдамалы пәтерден интимдік қызмет көрсету орны анықталды

Алматыда полиция қызметкерлері интимдік қызмет ұйымдастырды деген күдікке ілінген төрт әйелді анықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, «102» пультіне пәтерлердің бірінде заңсыз қызмет көрсетілетіні туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына «Буран-220» патрульдік экипажы барған.
Пәтерден 20-35 жас аралығындағы төрт әйел табылды. Олардың барлығы Қазақстанның әр өңірінен Алматыға келген.
«Алдын ала мәлімет бойынша, әрқайсысы өзіне тиесілі міндетті атқарған: біреуі әкімшілік жұмыстармен айналысқан, екіншісі тапсырыстар қабылдаған, ал тағы екеуі интимдік қызмет көрсеткен», – деп хабарлады полиция департаменті.
Қазір полиция заңсыз орынның жұмысын кім ұйымдастырғанын және оның қанша уақыт жұмыс істегенін анықтап жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Астанада екі апалы-сіңлілі кәмелетке толмағандарды интимдік қызметке тартқаны туралы жазған едік.