Астанада 562 пәтерді несиеге беруге өтініш қабылданады
Жарияланды
(жаңартылды )

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған 562 пәтерді несиеге беру үшін өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, пәтерлер А91 көшесіндегі №36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінен беріледі.
Оның ішінде:
- 166 – бір бөлмелі;
- 276 – екі бөлмелі;
- 80 – үш бөлмелі;
- 40 – төрт бөлмелі пәтер бар.
Тұрғын үйлер дайын әрлеумен сатылады. Несие мөлшерлемесі 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,2%-дан 5,8%-ға дейін болады. Бастапқы жарна 10%-дан басталады.
Пәтердің бір шаршы метрінің құны 332 916 теңге болып белгіленген.
Айта кетейік, осыған дейін «Наурыз» бағдарламасына қатысушыларға үй таңдауға тағы 3 ай уақыт берілгені туралы жазған едік.