Өскеменде ескерту жасаған полиция қызметкері қаза тапты

Өскеменде ер адамға ескерту жасаған 40 жастағы полиция қызметкері соққыға жығылып, қаза тапты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті хабарлауынша, оқиға 4 қазанға қараған түні қалалық дәмханалардың бірінде болған.
«Өскемендегі мекемелердің бірінде келушілердің бірі өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған. Алған жарақатынан ол қайтыс болды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір келуші зардап шекті», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қаза тапқан азаматтың құқық қорғау органы қызметкері болғанын растады. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Түркістанда полицей қызмет барысында қаза тапқан еді.