ОПЕК+ шешімі: Қазақстанның мұнай өндіру квотасы өзгеріссіз қалды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Қарашада Қазақстан қанша мұнай өндіреді / Фото: kursiv.media архиві

4 қазанда ОПЕК+ альянсына мүше жеті мемлекеттің қараша айына арналған мұнай өндіру көлемі бекітілді. Жаңа шешімге сәйкес, Қазақстанның қарашадағы квотасы тәулігіне 1,628 млн баррель деңгейінде қалды. Бұл көрсеткіш қыркүйек пен қазан айларымен бірдей.

Альянстың өзге де елдері үшін тәуліктік мұнай өндіру көлемі бұрынғы қалпында сақталды:

  • Сауд Арабиясы – 10,478 миллион баррель;
  • Ресей – 9,949 миллион баррель;
  • Ирак – 4,431 миллион баррель;
  • Кувейт – 2,676 миллион баррель;
  • Алжир – 1,007 миллион баррель;
  • Оман – 841 мың баррель.

Ұйым мүшелері Ынтымақтастық декларациясына адал болып, әлемдік нарықты үздіксіз бақылауға уағдаласты. Келесі кездесу 1 қарашаға жоспарланған.

Таяу Шығыстағы қақтығыс

Парсы шығанағындағы өндірушілер қазір белгіленген межеден едәуір аз мұнай өндіруде. Бұған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы кесірінен туындаған экспорттық іркілістер себеп болды. Соңғы айларда жеткізілім көлемі тиісті деңгейден 60-80% аралығында ғана ауытқып тұр.

Сонымен қатар аймақтағы шиеленіс елдердің өндірістік қуатын қайта бағалау процесін кейінге шегерді. Ал бұл көрсеткіш 2027 жылға арналған квоталарды бекіту үшін өте маңызды.

Мұнай нарығындағы қазіргі ахуал

ОПЕК мәліметінше, тамыз айында альянстың жеті мүшесі тәулігіне 25 миллион баррель мұнай өндірген. Бұл шілдеге қарағанда 630 мың баррельге артық болғанымен, соғысқа дейінгі ақпан айындағы деңгейден 5 миллион баррельге аз.

Қазіргі уақытта ұйым елдерінде тәулігіне 2 миллион баррельге жуық шектеу сақталып отыр. Сарапшылардың айтуынша, өндірістік қуат толық бағаланып бітпейінше, 2027 жылға дейін мұнай өндіру саясатында елеулі өзгерістер орын алмайды.

5 қазанда әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 100 долларға жетті. Қыркүйек айының соңында CPC Blend  барреліне 120 долларға жақындаған.

Сондай-ақ оқыңыз