Қазалыда пара алған екі судья сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
сот соттау сот үкімі үкім
фото: shutterstock

Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов пен судья Серік Бертай  9 жылға сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Олар қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында (пара алу) көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Олар 2026 жылдың қаңтарында ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ұсталған. 

Айта кетейік, жыл басында Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы төрағасы Бекбол Баймаханов пен Петропавл қаласы №2 сотының бұрынғы төрағасы Ерлан Ибраев сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз