Қазақ бидайын ең көп сатып алатын 10 ел (инфографика)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Бидай экспорты / фото: Kursiv Media

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан бидайының негізгі бөлігі Орталық Азия елдеріне экспортталды. Kursiv.Media Қазақстан бидайын қай елдер көбірек сатып алғанын зерттеп шықты.

Экспорт құны бойынша бірінші орында Өзбекстан тұр. Бұл елге жеті айда 647,6 млн долларға бидай сатылған. Оның жалпы экспорттағы үлесі 57,9% болды. Екінші орында Тәжікстан тұр. Бұл ел Қазақстаннан 196,2 млн долларға бидай сатып алған. Оның үлесі – 17,6%.

Үшінші ірі сатып алушы – Ауғанстан нарығы. Жеті айда бұл елге 122 млн доллардың бидайын жөнелтіліп, жалпы экспорттың 10,9%-ын құрады.

Осылайша, қазақ бидайын тұтынатын басты елдер – Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан болып отыр. Жалпы экспорттың 86,4%-ын осы үш мемлекетке тиесілі.

Қазақстан бидайының 58%-ын бір ел сатып алды

2026 жылғы қаңтар–шілдедегі Қазақстан бидайының негізгі экспорт нарықтары

Ел
Сомасы
Үлесі
Өзбекстан ӨЗБЕКСТАН
$647,6 млн
57,9%
Тәжікстан ТӘЖІКСТАН
$196,2 млн
17,6%
Ауғанстан АУҒАНСТАН
$122 млн
10,9%
Италия ИТАЛИЯ
$52,9 млн
4,7%
Әзербайжан ӘЗЕРБАЙЖАН
$19,3 млн
1,7%
Қырғызстан ҚЫРҒЫЗСТАН
$17,1 млн
1,5%
Иран ИРАН
$11,9 млн
1,1%
Бельгия БЕЛЬГИЯ
$8,7 млн
0,8%
Қытай ҚЫТАЙ
$7,4 млн
0,7%
Латвия ЛАТВИЯ
$6,6 млн
0,6%
2026 жылғы қаңтар–шілде. Экспорт құны АҚШ долларымен көрсетілген.

Еуропадағы негізгі сатып алушы – Италия

Еуропа елдерінің ішінде Қазақстан бидайын ең көп сатып алған мемлекет – Италия. Жеті айда бұл елге 52,9 млн доллардың өнімі жеткізілген. Оның жалпы экспорттағы үлесі 4,7% болды.

Әзербайжанға экспорт көлемі 19,3 млн доллар, Қырғызстанға – 17,1 млн, Иранға – 11,9 млн доллар болды. Бельгия Қазақстаннан 8,7 млн доллларға, Қытай 7,4 млн, ал Латвия 6,6 млн долларға бидай сатып алған.

Негізгі нарық – Орталық Азия

Деректер Қазақстан бидай экспортының географиясы әлі де көршілес нарықтарға қатты тәуелді екенін көрсетеді. Әсіресе Өзбекстанның үлесі жоғары: бұл елдің өзі Қазақстанның экспортталған бидайының жартысынан көбін сатып алған.

Ал Қытайдың үлесі небәрі 0,7% болып отыр. Бұл Қазақстан үшін ірі әрі жақын нарық саналғанымен, бидай экспорты бойынша әзірге алғашқы үштікке кірмейді.

Сондай-ақ оқыңыз