2025 жылы Қытайда 670 банк өз жұмысын тоқтатты

Қытай 2025 жылы 670-тен астам банкті жапты/ kursiv.media архиві
Қытай 2025 жылы 670-тен астам банкті жапты. Яғни банктердің жалпы саны шамамен төрттен бірге қысқарды. Бұл жайлы Financial Times Қытайдың Қаржылық реттеуді мемлекеттік басқармасының деректеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Басылымның мәліметінше, бұл шағын несие ұйымдарын бақылауды күшейту науқаны аясында жүзеге асқан. Жабылған банктердің басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан. 2025 жылы жабылған банк ұйымдарының саны рекордтық көрсеткішке жеткен.
Сингапур Ұлттық университетінің Шығыс Азия институтының аға ғылыми қызметкері Джейсон Бедфордтың айтуынша, банк секторын шоғырландыру реттеу жүйесін жеңілдетуге және өтімділікке қатысты тәуекелдерді жоюға бағытталған.
Financial Times мәліметінше, ауылдық банк жүйесін қайта ұйымдастыру Қытайдағы экономикалық жағдайдың өзгеруімен қатар жүріп жатыр.
Соның ішінде жылжымайтын мүлік нарығындағы бұрынғы қарқынды өсімнің тоқтауы негізгі өзгерістердің бірі ретінде аталады.
Тағы да оқыңыз: Қазақстан юаньмен қарыз тартуға неге басымдық беріп отыр