Біріккен Араб Әмірліктері іздеуде жүрген үш адамды Қазақстанға ұстап берді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Біріккен Араб Әмірліктері іздеуде жүрген үш күдіктіні Қазақстанға ұстап берді, деп хабарлайды Kursiv.media.        

Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін аталған елден Қазақстанның үш азаматы экстрадицияланды. Олардың біреуі 2019–2020 жылдары сыбайласымен бірге Астанада халықаралық орталық салуға арналған жер учаскесін алуға жәрдемдесуге уәде беріп, жәбірленушінің 368 мың АҚШ долларын иемденген.

Тағы бір фигурант денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, тонау мен бұзақылық жасағаны үшін іздеуде болған. Ол 2021 жылы Алматы қаласында адамдар тобы болып жәбірленушіге шабуыл жасап, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сондай-ақ 100 мың теңгеден асатын жеке мүлкін ашық түрде иемденген.

Үшінші күдікті осы жылғы жазда Астана қаласында Қытай азаматының 24 200 АҚШ долларын ұрлады деген күдікке ілінген. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Аталған тұлғалар қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Кейіннен олардың Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында жүргені анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қайта басталды.

Бас прокуратура мұның алдында мұғалімдер күні қарсаңында таралып жатқан жаңа алаяқтық схема пайда болғаны туралы ескерту жасаған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз