Елімізде геология саласындағы аукциондардан түсетін кіріс 7 есе артқан

Жарияланды 6 Қазан 2026 10:01

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Цифрландыру аукционнан түскен табысты арттырды/ үкімет

Үкімет отырысында Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын іске асыру аясында геология, өнеркәсіп және құрылыс салаларын цифрландыру талқыланды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев цифрландыру аукциондарға қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Kursiv.media.  

2028 жылға дейін геологиялық барлауға тартылатын жеке инвестиция көлемін 30%-ға арттыру жоспарланып отыр. Өнеркәсіп саласында еңбек өнімділігін жыл сайын 7%-ға өсіру, кемінде 5 отандық интегратор мен 3 құзыреттер орталығын құру көзделген.

Ал құрылыс саласында техникалық жағынан күрделі жаңа нысандардың 100%-ында BIM технологиясын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.

Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, геология саласын цифрландырудың негізгі кезеңі аяқталған. Геологиялық ақпарат цифрлық форматқа көшіріліп, көпшілікке қолжетімді болған. Мемлекеттік қызметтер Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы арқылы көрсетіледі.

«Цифрлық аукцион тетігін енгізу және геологиялық деректердің қолжетімділігін арттыру аукциондардан түсетін кірістің 7 есе өсуін қамтамасыз етті. Келесі міндетке  геологиялық деректерді талдау және әлеуетті учаскелерді анықтау үшін жасанды интеллектті қолдану жатады», – деді министр.

Оқи отырыңыз: Жыл соңына дейін 112 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылады

Сондай-ақ оқыңыз