Halyk Bank мобильді қосымшасы мен ақша аударымдары істемей қалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
казахстанские банки
Фото: Shutterstock

Halyk Bank мобильді қосымшасында техникалық ақау болып, клиенттер жүйеге кіре алмай жатыр.

Техникалық ақау бүгін, 6 қазан түстен кейін басталды. Пайдаланушылар қосымшаға авторизациядан өту және банктің қаржылық сервистеріне қол жеткізу кезінде қиындық туындағанын жазып жатыр.

Ақауға байланысты клиенттер уақытша ақша аудара алмай, қызмет ақысын төлей алмай, шоттағы қаражат қалдығын тексере алмай отыр. Сондай-ақ Halyk қосымшасы арқылы қолжетімді мемлекеттік сервистерді де пайдалану мүмкін болмай тұр.

Halyk Bank сервис жұмысында уақытша іркіліс болғанын растады.

«Қазір техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты сервистердің жұмысында уақытша іркілістер болуы мүмкін. Жақын арада барлық қызмет қайта қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деп хабарлады банк.

Еске сала кетейік, Halyk Bank тамызда 76,2 млрд теңге тауып, жыл басынан бергі жалпы пайдасын 615,3 млрд теңгеге жеткізді.

Halyk Bank-тің негізгі акционері – «Алмэкс» холдингтік тобы, оның банктегі үлесі 69,67%-ды құрайды. Бұл компания Тимур және Динара Құлыбаевтарға тиесілі. 

Сондай-ақ оқыңыз