Илон Маск қайтадан триллионер атанды

Жарияланды
Илон Маск әлеуметтік желі
фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Кәсіпкер, SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Масктің байлығы қайтадан 1 триллион доллардан асты, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Ол алғаш биыл жазда триллионер атанған. Алайда бұл мәртебені небәрі 12 күн сақтады.

Forbes мәліметінше, 5 қазанда қор нарығы ашылғаннан кейін SpaceX пен Tesla акцияларының өсуіне байланысты Масктың байлығы 1 триллион доллардан асты.

2 қазандағы сауда қорытындысымен салыстырғанда кәсіпкердің байлығы 30,6 млрд долларға өскен.

Илон Маск алғаш рет 2026 жылғы 12 маусымда триллионер атанды. Алайда 24 маусымда оған тиесілі компаниялардың акциялары арзандағаннан кейін бұл мәртебесінен айырылды.

Сол кезде SpaceX акциялары 3,9%-ға арзандап, бір акцияның бағасы 148,57 долларға түсті. Компанияның нарықтық капиталы 1,99 трлн долларға дейін төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз