Марстан қалың орман табылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Марстан қалың орман табылды. Ғалымдар бұл құпияның сырын аша алмай отыр, деп хабарлайды Kursiv.media. 

Ресейлік астроном Владимир Сурдиннің айтуынша, ғалымдарды Марс орманы қатты қызықтырып отыр.

«Жазықта тік өскен деталь көрінеді. Олар бір қызық. Шын мәнінде, бұл орман ғалымдардың таңданысын тудырады. Өйткені, олар ағашқа ұқсайды. Марста жанды ағаштар жоқ. Алма ағашын ешкім отырғызбаған. Өспейді. Бірақ оның не екенін біз білмейміз», – деді астроном.

Ғалымдардың топшылауынша, бұл бір сұйықтықтың ағыны болуы мүмкін. Суға немесе қандай да бір сұйықтықпен араласқан құмның түсі қаралау болып келеді. Ал бұл «орман ағаштары» қап-қара әрі тіп-тік. Сондықтан ғылымдар мұның не екенін білмей дал.

Владимир Сурдиннің айтуынша, бұдан бірнеше күн бұрын Марс бетінде көне ғимараттың іргетасына ұқсас квадраттың сұлбасы табылды. Сол кезде Илон Маск оны зерттеу үшін ғарышкерлерді аттандырғысы келетінін мәлімдеген. Ғалым Масктің пікірімен келіспейді. Өйткені, ғарышкерлер Марстың құпиясын ашуға әлі қауқарсыз.

Айта кететін жайт, NASA Марста жаңа буын телекоммуникациялық желісін құру үшін Blue Origin компаниясымен келісімшарт жасасты.

Сондай-ақ оқыңыз