Мессиге туған қаласы ерекше құрмет көрсетті

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің туған қаласы Росариода ұлттық құраманың капитанына ерекше құрмет көрсетілді. Қаладағы Ұлттық Ту монументінің алдына Аргентина құрамасының алып жейдесі жайылды.
Аспан түстес ақ жейденің арқасына Мессидің әйгілі 10-нөмірі және испан тіліндегі «Gracias» («Рақмет») сөзі алтын түспен жазылған. Алып инсталляция 5 қазанға қараған түні орнатылып, таңертең қала тұрғындарының назарын аударды.
Жейде Росариодағы ең танымал орындардың бірі – Ұлттық Ту монументінің алдындағы алаңға орналастырылған.
Ұйымдастырушылар алып жейденің айналасына төрт жарық мұнарасын да орнатқан. Кешкі уақытта оның бетіне Мессидің Аргентина құрамасындағы мансабына арналған аудиовизуалды проекция көрсету жоспарланған.
Айта кетейік, Месси 6 қазан күні Аргентина құрамасында қоштасу ойынын өткізеді.