Павлодарда жерасты өткелін зақымдаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Павлодарда жерасты өткелін зақымдаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Павлодарда жерасты өткелінің төбесін зақымдаған тұрғын 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әлеуметтік желіде ер адамның қаладағы жалғыз жерасты өткелінде төбеге дейін секіріп, оның қаптамасын зақымдаған видеосы тараған. Полиция оқиғаға қатысы бар адамды анықтап, іс мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта қаралған.

Сот мәліметінше, оқиға Академик Сәтбаев көшесіндегі жерасты өткелінде болған. Ер адам секірген кезде төбедегі жарық қорабына тиіп, оның қаптамасы мен кейбір бөлшектерінің бекітпелерін зақымдаған.

Сотта павлодарлық кінәсін мойындап, жарық қорабын әдейі емес, секірген кезде абайсызда зақымдағанын айтқан. Ол айыппұл немесе әкімшілік қамақ орнына қоғамдық жұмыс тағайындауды сұраған.

Сот оның алғаш рет құқық бұзушылық жасағанын, кінәсін мойындап, өкінгенін ескеріп, 20 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында той кортежіне қатысушы 10 тәулікке қамалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз