Қарыз жүгі ауырлады ма: тамызда ипотека мен автонесие алу күрт азайды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: Делия Айдаралиева, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Халық автонесие мен ипотека алуды азайтып келеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, тамыз айында қазақстандықтарға автонесие беру 2025 жылмен салыстырғанда 17,1%, ал ипотека 16,4%-ға қысқарған, деп жазады Kursiv.Media.

Жаңа берілген несие көлемі қысқарды

2026 жылдың тамыз айында банктер халыққа жалпы жиыны 1,69 трлн теңге жаңа несие берді. Бұл өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 5,7%-ға аз. Бөлінген қаражаттың құрылымы төмендегідей:

  • тұтынушылық мақсаттарға 1,4 трлн теңге берілді (3,2%-ға азайды);
  • кепілсіз тұтынушылық несие көлемі 1,2 трлн теңгені құрады (0,8%-ға азайды);
  • ипотека 240 миллиард теңге болды (16,4%-ға азайды).

Несие портфелі өсуін тоқтатқан жоқ

Жаңадан берілген заемдар азайғанымен, екінші деңгейдегі банктердің халыққа берген несие портфелі өсуін жалғастыруда. Тамыз айында 1,2%-ға артып, 26,5 трлн теңгеге жетті (жыл басынан бергі өсім – 6,9%)

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға салған жалпы несие портфелі де тамызда 1,7%-ға өсіп, 42,9 трлн теңгеге жетті (жыл басынан бері +6,5%). Бұл өсім негізінен бизнес субъектілеріне берілген қарыздар есебінен қалыптасты.

Пайызы қанша болды?

2026 жылдың тамыз айында халыққа ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 20,6%-ды құрады.

Оған ипотеканың сыйақысы 0,3 пайыздық тармаққа көтеріліп, 10,7%-ға жетуі ықпал етті.

Биыл 6 айда Қазақстанның банк секторында қызық тенденция байқалған: халыққа берілетін жалпы несие көлемі азайғанымен, ипотека нарығы қарқынды өсті. . Нарықтағы бұл өсімнің негізгі қозғаушы күші – тек мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалар мен «Отбасы банк».

Сондай-ақ оқыңыз