Қазақстан – Фарер аралдары ойынын қайдан көруге болады

Бүгін, 6 қазанда Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасының төртінші турында Фарер аралдары құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Кездесу Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтіп, Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Үш турдан кейін Фарер аралдарының еншісінде үш ұпай бар. Қазақстан құрамасында болса бір ұпай ғана. Ұлттық құрама өткен турда өз алаңында Молдоваға 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал Фарер аралдары Словакиямен 1:1 есебімен тең түсті.
Қазақстан мен Фарер аралдары осы Ұлттар лигасында бұған дейін бір рет кездескен. 26 қыркүйекте Торсхавнда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінен 14-минутта Аки Самуэльсен есеп ашса, 26-минутта Темірлан Ерланов таразы басын теңестірді.