Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең түсті

Қазақстанның футболдан құрамасы Ұлттар лигасының кезекті матчында Астанадағы «Астана Аренада» Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
Кездесудің 22-минутында Пэтур Кнудсен есеп ашса, 63-минутта Геза Тури Фарер аралдарының басымдығын арттырды. Қазақстан құрамасы Сергей Малый мен Нұрәлі Әліптің голдарының арқасында есепті теңестірді.
Ойынның 68-минутында Фарер аралдарының қорғаушысы Мартин Агнарссон екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Алайда 85-минутта Сергей Малый да қызыл қағаз алып, Қазақстан құрамасы да 10 ойыншымен қалды.
Қалған уақытта есеп өзгермей, кездесу 2:2 нәтижесімен аяқталды.
Бұл Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы төртінші ойыны. Команда бұған дейін Фарер аралдарымен сырт алаңда 1:1 тең түссе, Словакиядан 1:2 және Молдовадан 1:2 есебімен жеңілген.