Алматыда субұрқақтар жаппай өшіріліп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда субұрқақтарды қысқы кезеңге дайындау жұмыстары басталды. Қаладағы нысандар 1 қазаннан бастап кезең-кезеңімен өшіріліп, оларды консервациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.media.

Субұрқақтарды қысқы кезеңге қалай дайындайды?

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, мамандар алдымен субұрқақтарды өшіріп, суын ағызады. Кейін олардың тостағандары мен жабдықтары тазартылады. Инженерлік жүйелер үрленіп, толық құрғатылады.

Сонымен қатар жабдықтардың кейбір бөлшектері алынып, қыс бойы сақтауға дайындалады.

«Консервациялау жұмыстары әр нысанның техникалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Бұл шаралар инженерлік желілер мен жабдықтарды төмен температурадан қорғау үшін қажет. Әсіресе жүйелерде су қалмауы маңызды, өйткені қатқан су құбырлар мен басқа да жабдықтарға зақым келтіруі мүмкін.

Жұмыстар қашан аяқталады

Субұрқақтарды күзгі-қысқы кезеңге дайындау жұмыстары 10 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Қыс аяқталғаннан кейін мамандар субұрқақтарға техникалық қызмет көрсетіп, инженерлік жүйелердің жұмысын тексереді. Содан соң нысандар жаңа маусымға қайта дайындалады.

Тағы да оқыңыз: Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз