Көрші елдерде инфляция қандай (инфографика)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Көрші елдерде инфляция қандай / фото: Kursiv Media

Қазақстанда жылдық инфляция көрші елдердің көбінен жоғары. Қыркүйек қорытындысы бойынша елдегі тұтыну бағасы бір жылда 9,3%-ға өсті. Kursiv.Media көрші мемлекеттердегі баға өсімін салыстырды.

Салыстырылған елдердің ішінде ең жоғары инфляция Қырғызстанда тіркелген. Тамызда жылдық көрсеткіш 12%-ға жетті. Қазақстан 9,3% көрсеткішпен екінші орында тұр.

Өзбекстанда қыркүйекте жылдық инфляция 6,4% болды. Бір айда баға 0,7%-ға өскен. Азық-түлік бір айда 1%, қызметтер 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,3% қымбаттады.

ИНФЛЯЦИЯ

Қазақстан мен көрші елдерде баға қалай өсіп жатыр?

Тұтыну бағасының жылдық өсімі, соңғы қолжетімді дерек

Қырғызстан туы Қырғызстан
2026 жылғы тамыз
12,0%
Қазақстан туы Қазақстан
2026 жылғы қыркүйек
9,3%
Өзбекстан туы Өзбекстан
2026 жылғы қыркүйек
6,4%
Ресей туы Ресей
2026 жылғы тамыз
6,33%
Түрікменстан туы Түрікменстан*
IMF, 2026 болжамы
3,9%
Қытай туы Қытай
2026 жылғы тамыз
0,8%

Ескерту: елдер статистиканы әр уақытта жариялайды. *Түрікменстан көрсеткіші — IMF-тің 2026 жылға арналған болжамы.

Дереккөздер: ұлттық статистика органдары, IMF

Ресейде соңғы жарияланған тамыз дерегі бойынша жылдық инфляция 6,33%-ды құрады. Бұл ретте тамыздың өзінде тұтыну бағасы шілдемен салыстырғанда 0,08%-ға төмендеген.

Қытайда баға өсімі айтарлықтай баяу. Тамызда жылдық инфляция небәрі 0,8% болды. Азық-түлік бағасы бір жылда 1,4%-ға арзандаса, азық-түлік емес тауарлар 1,2%-ға қымбаттаған.

Түрікменстан бойынша жедел айлық инфляция статистикасы ашық жарияланбайды. Халықаралық валюта қоры 2026 жылы елдегі тұтыну бағасы орта есеппен 3,9%-ға өседі деп болжайды. Сондықтан бұл көрсеткішті басқа елдердің нақты айлық деректерімен тікелей салыстыруға болмайды.

Осылайша, қолда бар соңғы дерек бойынша Қазақстандағы инфляция Ресей, Өзбекстан және Қытайдан жоғары. Ал Қазақстаннан жоғары көрсеткіш тек Қырғызстанда байқалып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз