Президент «Лукойл» компаниясының жоспарымен танысты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды», – делінген ақпаратта.

Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланған.

Мұның алдында Тоқаев Тимур Турловпен кездесіп, білім беру саласына шахматты тұрақты енгізуді тапсырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз