Құрылтай депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Жарияланды

Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның депутатық өкілетігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 4-тармағына және 56-бабының 12-тармақшасына сәйкес, депутаттың өкілеттігі тоқтатылатынын айтты.
«Орталық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ОСК ұсыныс енгізеді», – деді ол.
Құрылтай депутаттары қаулыны қолдап дауыс берді.
Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваның жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жұмысы үшін алғыс айтты.
Құрылтай бір айда қандай іс атқарғанын осы жерден оқысаңыз болады.